"Мұғалімдер сабақтан тыс уақытта оқушының өміріне жауап бермейді": Тоқаев заңға қол қойды
Педагогтер мәртебесін көтеру мәселесіне өзгерістер енгізілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір заңнамалық актілердегі өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақорданың мәліметінше, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.
Осылайша президент заңға қол қойып, мұғалімдердің оқушылар үшін жауапкершілігі тек жұмыс уақытымен шектелетінін бекітті.