Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда "Қазыналы каспий 2026" халықаралық балық фестивалі өтеді

Атырауда "Қазыналы каспий 2026" халықаралық балық фестивалі өтеді
Атырау облысы әкімдігі
Каспий жағасында дәстүр мен заманауи мәдениет тоғысатын ерекше мереке

2026 жылғы 17 маусымда Атырау қаласында «Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі өтеді. Фестиваль Каспий маңы елдерінің мәдениетін, гастрономиясын және балық шаруашылығы дәстүрлерін бір алаңда тоғыстырады.

Іс-шара Атырау қаласындағы Жастар саябағында ұйымдастырылып, өңірдің туристік әлеуетін танытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және Каспий мұрасын насихаттауға бағытталған.

Бағдарламада

* Каспий маңы елдерінің халықаралық конференциясы
* Гастрономиялық фестиваль
* Аспаздар байқауы
* Балықшылар сайысы
* Балық өнімдерінің жәрмеңкесі
* Шабақтандыру рәсімі
* Кемелер шеруі
* Концерттік және ойын-сауық бағдарламасы

Каспий рухын сезініңіз

Қонақтар дәстүрлі тағамдардың дәмін татып, өңірдің бірегей өнімдерімен танысып, мәдени қойылымдарды тамашалай алады. Фестиваль әрбір келушіге Каспий өңірінің бай мұрасы мен қонақжайлығын сезінуге мүмкіндік береді.

Өтетін орны мен уақыты

Күні: 17 маусым 2026 жыл
Өтетін орны: Жастар саябағы, Атырау қаласы

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар