«Әділет» партиясының II съезі: делегаттар маңызды ұйымдастырушылық шешімдерді мақұлдады
Съездегі маңызды шешімдердің бірі – Қазақстанның барлық өңірінде партия филиалдарын құру.
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өтті. Күн тәртібінде партияны одан әрі дамыту, өңірлік филиалдар құру, ұйымдық құрылымдынығайту және ел дамуы жолындағы ортақміндеттер төңірегінде саяси күштердітоптастыру мәселелері қаралды.
Съезд қарсаңында стратегиялық сессия ұйымдастырылып, делегаттар партияның алдағыкезеңдегі басым бағыттарын талқылады.
II Съезд қатысушыларының алдында сөзсөйлеген партия төрағасы Айбек ДәдебайҚазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқанынатап өтіп, саяси күштерден реформаларды қолдауғана емес, халықпен тығыз жұмыс жүргізу жәнеазаматтардың сұраныстарына нақты жауап берудіталап ететінін айтты.
«Біз Президент Қасым-Жомарт ТоқаевтыңӘділетті Қазақстан құру бағытын толыққолдаймыз және оны мемлекетті ұзақмерзімді нығайтудың стратегиялық бағдарыдеп санаймыз. Алайда реформалардыңтабысы тек мемлекеттік шешімдерге ғанабайланысты емес. Ол қоғамның өзгерістергеқатысуға дайындығымен және саясикүштердің жауапкершілікпен әріжасампаздықпен әрекет ете білуіменайқындалады. «Әділет» партиясы құрылғанкезде біз бір қарапайым әрі қағидаттыұстанымды негізге алдық: әділетсіз тұрақтыдаму болмайды. Әділ ережелер орнаған жердесенім қалыптасады. Сенім бар жердеинвестиция келеді, кәсіпкерлік дамиды, азаматтық белсенділік артып, қоғамдықбірлік нығаяды», – деді Айбек Дәдебай.
Съездегі маңызды шешімдердің бірі – Қазақстанның барлық өңірінде партия филиалдарын құру. Делегаттар тиісті шешімдіқолдап, филиалдардың қызмет тәртібінайқындайтын ережені бекітті.
Партия Саяси кеңесінің мүшесі БуриханНұрмұхамедовтің айтуынша, партияныңболашақтағы дамуы өңірлердегі тиімді жұмыс жәнеазаматтармен тұрақты диалогқа тікелейбайланысты.
«Партияның тағдыры өңірлерде шешіледі. Біздің жұмысымыздың негізгі алаңы да солжерде. Азаматтардың сенімі де өңірлердеқалыптасады. Адамдар партияны күн сайыннақты істеріне, бастамаларына жәненәтижелеріне қарап бағалайды. Сондықтаноблыстық филиалдар қоғамдық және саясиөмірдің толыққанды орталығына айналуытиіс», – деді Бурихан Нұрмұхамедов.
Партия өкілдерінің айтуынша, өңірлік желінідамыту қоғамдық жұмысқа жаңа көшбасшылардытартуға және азаматтардың қоғамдық-саясиүдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жолашады.
«Партиялық желінің дамуы азаматтарғамемлекеттік шешімдерді қабылдауға ықпалетіп, азаматтық қоғамды нығайтуғамүмкіндік береді», – деді Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры әрі партия Саясикеңесінің мүшесі Дмитрий Павленко.
Съезд барысында адами капиталды дамыту, білім беру саласы, заманауи технологиялардыдамыту және азаматтық қоғам институттарыннығайту мәселелері де талқыланды.
Съезд жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар партия құрамын кеңейту және саясиқызметтің тиімділігін арттыру арқылы партияныңәлеуетін одан әрі күшейту мәселесін қарастырды.
Amanat партиясының «Әділет» партиясынақосылуы мәселесі бойынша сөйлеген АйбекДәдебай қазіргі заманның сын-қатерлері қоғамалдында тұрған нақты міндеттерді шешугебағытталған сындарлы диалог пен нәтижеліпрактикалық жұмысты талап ететінін атап өтті.
«AMANAT партиясының «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылуы – тар партиялықмүддеден жоғары тұрған, ұлттықжауапкершілікке негізделген парасаттышешім. Бұл – Қазақстан қоғамының ел мүддесіүшін біріге алатындығымыздың нақты дәлелі. Қоғам мен мемлекет алдындағы және келерұрпақ алдындағы жауапкершіліктентуындаған, елдік берекеге бастайтынбайлам», – деді партия төрағасы Айбек Дәдебай.
Талқылау қорытындысы бойынша делегаттарAmanat партиясының «Әділет» партиясынақосылуы туралы шешімді қолдады. Тиісті шешім II Съездің қаулысына енгізілді.