Басты жаңалықтар

Елімізде электр энергиясының тарифтері 1 шілдеден бастап қайта қаралады

Электр энергиясының шекті тарифтерін өзгерту жоспарланып отыр.

Қазақстанда 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап 60 энергия өндіруші ұйым үшін жаңа тарифтер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еліміздің энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтерін өзгертуді жоспарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, тарифтерді қайта қарау елдегі энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету және генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында жүзеге асырылады.

Құжатта 60 энергия өндіруші ұйым үшін шекті тарифтерді түзету қарастырылған.

Бұйрық жобасы 30 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.