Қостанай облысында немерсін құтқармақ болған атасы да суға ағып кетті
Атасы мен немересін су ағызып әкетті.
Қостанай облысында суға кеткен атасы мен немересінің денесі іздестіріліп жатыр. Үш бірдей сүңгуірлер бригасы өзенді сүзіп жүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылының маңындағы Тобыл өзенінде болған. Бір отбасы демалысқа табиғатқа шығады. Өзен жағасында ойнап жүрген алты жасар бала сүрініп суға құлайды. Одан әрі қатты ағысқа тап болған. Мұны көрген атасы немересін құтқару үшін іле-шала суға секірген. Алайда екеуін де өзен ағысы алып кеткен.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды. Іздестіру-құтқаруға 40-қа жуық маман, арнайы техника, жүзу құралдары мен дрон тартылған. Олар су астынан бастап, көктен де қарап, жағалаудың бәрін жаяу аралап іздеу үстінде. Осы уақытқа дейін отыз екі мың шаршы метр аумақты қараған. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.
Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға, баланы қараусыз қалдырмауға және шомылуға тыйым салынған жерге түспеуге шақырады.
«Бала су жиегінде ойнап жүріп қатты ағыс аймағына түсіп кеткен. Оқиғаны көрген атасы немересін құтқаруға ұмтылғанымен, өзеннің қатты ағасы екеуін де ағыс бойымен алып кеткен. Үш сүңгуір жұмыс істеп жатыр. Іздестеру жалғасып жатыр», - деді Қостанай облысы ТЖД инженері, Аружан Ахметжанова.