"Егіз" деді": Ерке Есмахан жүктілігі туралы айтты
Ерке Есмахан жүктілік кезеңінде болған қиыншылығы туралы айтып берді.
Белгілі әнші Ерке Есмахан осы уақытқа дейін айтпаған сырымен бөлісті. Жүктілік кезінде ол қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында айтты. Ұлы Ислам дүниеге келгеннен кейін 10 ай толғанда көтеріп қойған. Дәрігерге тексерілгенде егіз екенін айтқан.
"Бірінші УДЗ-ге барғанда дәрігерлер "егіз" деді. Құрсағыма екі сәби біткен екен. Бірінші скринингке барғанда егіздердің бірінің жүрек қағысы жоқ, ал екіншісі жақсы дамып жатыр деді. Екінші скринингте де Батырдың дені сау, қалыпты өсіп жатқанын білдік. Екінші эмбрион мұндай жағдайда кедергі болмайды екен", – деп жазды әнші.
Сөйтіп тоғыз айдан кейін ұлы Батырды аман-есен дүниеге алып келген.
"Батыр баламыз бүгін 1 жасқа толды. Қазір былдырлап сөйлеп, күліп, еңбектеп, бізді қуанышқа бөлеп өсіп келе жатыр. Дені сап-сау, Аллаға сансыз шүкір", – деп жазды әнші.
Ерке Есмахан жүктілік кезеңі жеңіл өткенін де атап өтті. Оның сөзінше, Батыр 3 келі 800 грамм болып дүниеге келген.