Қоғам

АҚШ-та қазақстан азаматы терроризм күдігімен ұсталды: СІМ мәлімдеме жасады

Қазақстандық Еламан Балтагерей АҚШ-та ұсталды.

АҚШ-та қазақстандық азаматтың терроризм күдігі бойынша ұсталған болатын. Бұған қатысты СІМ пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

СІМ қазіргі кезде мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат ресми деректер пайда болған кезде беріледі», - деп хабарлады СІМ тілшімізге.

Еске салайық, АҚШ-тың көші-қон және кедендік полициясы (ICE) Еламан Балтагерей есімді Қазақстан азаматын қамауға алғаны туралы мәлімдеді. Ол лаңкестік әрекеттерге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған.