Қоғам

"+43 градусқа дейін ыстық": шілде айында күн ыстық болады

Шілде айында ауа райы ыстық болады.

“Қазгидромет” РМК шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, шілде айы ыстық болмақ. Елдің солтүстігі мен шығысында ауаның орташа температурасы +18...+23 градус шамасында болса, оңтүстікте +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.

“Жекелеген күндері аптап ыстық күшейіп, солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47...+48 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі мүмкін”, – делінген хабарламада.

Аптап ыстықпен қатар түнг уақытта кей жерлерде +5 градусқа дейін ауа райы төмендеуі мүмкін.

Қазақстанның солтүстігінде шілде – жылдың ең жауын-шашынды айы. Жауын-шашын көбіне найзағаймен қатар жүреді, ал кей жерлерде нөсер жаңбыр түрінде жаууы мүмкін.

Найзағайдың ең жоғары белсенділігі елдің солтүстік, шығыс және таулы өңірлерінде күтіледі. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.