Басты жаңалықтар

Әлішер Кәрімов бойын 6 сантиметрге өсірген ота туралы айтып берді

Әнші отаны Корея елінде жасатқан

Әлішер Кәрімов соңғы жарты жылда қандай қиындыққа тап болғанын, халықтың көзінен таса болуға не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Ойбайlife бағдарламасына сілтеме жасап. «Маған 11 сағат бойы ота жасалды. Оны осы жылдың сәуір айында Кореяда жасаттым. Осының салдарынан бір жарым, екі ай гәстрөлдік сапарға шыға алмадым. Негізі дәрігерлер жарты жылдай шығармашылықпен айналысуға тыйым салған еді. Бірақ бұл қолымнан келмеді. Небәрі бір жарым айдан кейін сахнаға шығып кеттім», - дейді Әлішер Кәрімов. Сондай-ақ, әнші бұл аурудың қалай аталатынын, диагноз қанша жасында қойылғанын айтып берді. Отадан кейін әртістің бойы 6 сантиметрге өскен екен. «Бұл - өмір үшін өте қауіпті операция. Оны әдетте 13-20 жас аралығындағы адамдарға ғана жасайды. Шындығында, маған диагноз 15 жасымда қойылған болатын. Бірақ, өкінішке орай, ол кезде емді қалай жүргізу туралы ақпарат қолымызда болмады. Бассейн, мануальды терапия секілді ескі тәсілдермен емделдім. Яғни мен секілді ауырғандардың мұндай тәсілдерге босқа уақыттарын құртпағандарын қалаймын. Бірден ота жасатқандары дұрыс. Ауру сколиоз деп аталады. Ол бүгінде көптеген адамдарда кездеседі. Менің жағдайымда омыртқам 50 градусқа қисайып кеткен екен. Ота жасатпасам, бұрынғыдай бүкірейіп жүре беретін едім. Айтпақшы, отадан кейін бойым 6 сантиметрге өсті. Енді өзімді ең бойшаң әншімін деп айта аламын», - дейді ол. Автор: Kyn.kz