Мәдениет

«Жұбайың бар ма? Күніне 15 минут телефонсыз сөйлес»: Ләйлә Сұлтанқызы 40 жасқа дейін жасайтын қадамдарды айтты

Ләйлә Сұлтанқызы кеңестер тізімін жариялады.

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өмірді өзгерту үшін 40 жасты күтпей, дәл қазір қолға алу керек екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші кеңестер тізімін желідегі парақшасында жариялады. Кеңестар арасында достық туралы, бақытты өмір сүру туралы бар.

«Ішіңде қорқыныш көп пе? Кішкентай қадам жаса. Сенімділік әрекеттен кейін келеді. Әрекет сенімділіктен кейін емес.

Достарың бар ма? Тек қиын кезде емес, жай күндері де хабарлас. Достық та күтімді қажет етеді. Уақыт бөлінбеген қарым-қатынас бірте-бірте алыстайды.

Бақытты болғың келе ме? Күнде кешке өзіңнен бір сұрақ сұра: "Бүгін мен шын өмір сүрдім бе, әлде жай ғана күн өткіздім бе?"», - деп жазған.

Сондай-ақ, жалғыздықты шешудің жолдары, ақшамен дұрыс қарым-қатынас құру туралы кеңестерін жазған.

«Өкпең бар ма? Хабарлас. Айт. Не кешір. Не мүлде жап. Бірақ ішіңде жылдар бойы көтеріп жүрме. Өткеннің салмағын арқалап жүру — өзіңді жазалау.

  • Жұбайың бар ма? Күніне 15 минут телефонсыз сөйлес. Балалар туралы емес. Ақша туралы емес. Екеуің туралы. Көп отбасы жанжалдан емес, сөйлеспей кетуден алыстайды.
  • Балаң бар ма? Күніне кемі 20 минут телефонсыз бірге отыр. Ақша емес, есінде сенің назарың қалады. Балалар біздің айтқанымызды емес, бірге өткізген уақытымызды есінде сақтайды.
  • Ата-анаң тірі ме? Аптасына кемі екі рет хабарлас. Айтатын әңгімең болмаса да хабарлас. Бір күні сағынатын дауысқа бүгін уақыт бөл», - деген секілді қарапайым өмірде қажет болатын кеңестер тізімін ұсынған.