1 шілдеден бастап тауарлық газдың бағасы 33 пайызға өседі
Елімізде тауарлық газ бағасы өседі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев Қазақстанда 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі деп күтіп отырмыз. Бұл жылыту маусымынан уақтылы өтуге және газ инфрақұрылымын жаңғыртуға қажетті қаражатты қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Бұдан басқа қандай да бір күрт баға өсімі болады деп күтпейміз», – деді Тұтқышбаев.
Вице-министрдің айтуынша, соңғы төрт айда Теңіз кен орны мен басқа да кен орындарындағы техникалық ақауларға байланысты Қазақстанда газ өндіру көлемі азайған.