Бибісара Асаубаеваның анасы қаржыға қатысты сынға жауап беріп, оның 320 мың теңге алатынын айтты
Бибісара Асаубаеваның анасы қызының мемлекеттен қанша алатынын айтты.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Хаким қызына мемлекет тарапынан ай сайын қанша қаражат төленетінін ашып айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Лиана Хаким Instagram парақшасында жазды.
“Неге кейбіреулер бізге мемлекеттен миллиондап ақша бөлінеді деп ойлайды? Мемлекеттен ай сайын 320 мың теңге аламыз. Ал әлем чемпионатындағы жеңісі үшін 2,3 мың доллар төленді. Маңғыстау спорт комитеті басқармасынан ешқандай жалақы алмаймыз. Sport Qory спортты қолдау қоры мен Федерациядан бөлінетін қаражат бюджет ақшасы емес. Ол тікелей команданың жұмысына төленеді”, – деп жазды Лиана Хаким.
Лиана Хаким олардың да Қазақстанның өзге азаматтары сияқты салық төлейтінін атап өтті.