Қоғам

Тәжікстанда енді жұмыста әр қызметкер күнделікті 20 минут жаттығу жасауы қажет

Жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғаларға тәулігіне кемінде 20 минут тұрақты физикалық жаттығулар өткізу міндеті жүктелді.

Тәжікстанда жұмыс берушілер енді қызметкерлеріне күнделікті 20 минут жаттығу жасатуы керек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл өзгерістер елдің Денсаулық сақтау кодексіне енгізілген. Жаңа заң жобасын депутаттар 10 маусымда қабылдап, оған 17 маусымда Тәжікстан президенті қол қойды.

 «Жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғаларға тәулігіне кемінде 20 минут тұрақты физикалық жаттығулар өткізу міндеті жүктелді», – деді Ашуриён.

Заңнама талаптарына сәйкес, ұйым жетекшілері қызметкерлердің спортпен шұғылдануына қажетті жағдай жасауға және аталған физикалық белсенділік шараларына өздері де тікелей қатысуға міндетті.

Бұған дейін Тәжікстанда таңғы жаттығулар жекелеген мекемелерде тек ерікті түрде өткізіліп келген болатын. Кейінірек билік барлық мемлекеттік қызметшілерді сенбі күндері сағат 07:00-де басталатын жарты сағаттық ортақ таңғы жаттығуларға қатысуға міндеттеген.