Қоғам

129 750 теңге: елімізде енді жер үйдің айналасын таза ұстамағандарға айыппұл салынады

Егер үйдің жанында қоқыс, арамшөп, басқа да қоқыс болса, үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Елімізде жеке үй иелері тек өз учаскесін ғана емес, қоршаудың сыртындағы аумақты да күтіп ұстауы керек. Қоршаудан тыс аумақты арамшөп басып, қоқыс жатса үй иесіне 129 750 теңге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі

"Крыша" порталының хабарлауынша, 1 шілдеден бастап абаттандырудың жаңа ережелері күшіне енеді.

Ережеде жеке үй иелеріне тек өз учаскесін емес, айналасындағы аумақты да күтіп ұстау міндеті ресми түрде белгіленген, яғни, үйге, қоршауға немесе жер учаскесіне тікелей жанасатын периметр бойынша ені 5 метрлік жолақ есепке алынады.

Ережеге сәйкес, жеке үй иелері:

  • учаскені және оның айналасын таза етіп ұстауға;
  • қоқысты жинауға;
  • арамшөпті және карантиндік өсімдіктерді шабуға;
  • жасыл кеңістіктерге күтім жасауға;
  • үйдің қасбетін, қоршауын күтіп ұстауға міндетті.

Сондай-ақ үй айналасындағы аумаққа қоқыс қалдыруға тыйым салынады.

Құрылыс материалдарын, құрылыс техникаларын, ескі тіркемелерді, бөлшектелген немесе істен шыққан көліктерді және басқа да заттар мен қалдықтарды сақтауға тыйым салынады.

Егер үйдің жанында қоқыс, арамшөп, құрылыс материалдары қоймасы немесе басқа да қоқыс болса, үй иесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы, "Абаттандыру ережелерін бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұл бапқа сәйкес, бірінші рет бұзушылық үшін әдетте ескерту беріледі, бірақ қайталанған бұзушылық үшін 2026 жылы 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 129 750 теңге айыппұл салынады.