Басты жаңалықтар

"Мен қызымды қайтара алмаймын": Әл-Фараби даңғылындағы жол апатында қаза болғандардың аналары сотталушыға не үшін кешірім бергендерін айтты

Марқұмдардың туыстары Александр Пакты кешіріп, ең қатал жаза тағайындау туралы өтініштерін қайтарып алды.

Әл-Фараби даңғылында жол апаты бойынша сотта жәбірленушілердің аналары Zeekr жүргізушісіне неліктен кешірім бергендерін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралды.

Марқұмдардың туыстары Александр Пакты кешіріп, ең қатал жаза тағайындау туралы өтініштерін қайтарып алды.

Аналардың бірі айыпталушыны кешіргенін, бірақ заңды шешім күтіп отырғанын мәлімдеді. Тағы бір жәбірленуші, Томиристің анасы Арайлым Есенбаева жазаның ауырлығы баласын қайтармайтынын атап өтті.

"Ақша үшін емес. Баламның жаны тынышталсын деп. Маған да қиын. Мен де қызымның қазасына қайғырып отырмын. Мен әлі де емделіп келемін ", – деді Есенбаева.

Арайлым Есенбаева Александр Пак үшін нақты жаза сұрамайтынын, бірақ сот шешетінін жеткізді.

" Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылса да, алты айға бас бостандығынан айырылса да, мен қызымды қайтарып алмаймын", – деді ол.