Қоғам

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде денсаулығы сыр беріп, көз жұмды

Автобус жүргізушісі жол үстінде өзін жайсыз сезініп, көліктерге соқтығысты.

Алматыда автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол апатына ұшырады. Оның денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Оқиғадан кейін жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, №131 бағыттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.

“Бастапқы деректер бойынша, қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлік құралын басқаруды толық бақылауда ұстай алмаған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды”, – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында. 

Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері жан-жақты тексеру барысында анықталатын болады.