Биыл Қазақстанда адам саудасына байланысты 72 қылмыс ашылды
Көмек көрсету үшін адам саудасының 15 құрбаны әлеуметтік қызметтерге жолданды.
Жыл басынан бері ішкі істер органдары адам саудасына байланысты 72 қылмысты анықтады.
Бұл туралы ішкі істер министрлігінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.
Министрліктің мәліметінше, мәжбүрлі еңбекке тарту, қайыршылыққа мәжбүрлеу, сексуалдық қанау және адам ағзаларын заңсыз алу секілді дәстүрлі түрлерімен қатар, азаматтарды кибералаяқтыққа және өзге де қылмыстық әрекеттерге тартуға негізделген адам саудасының жаңа түрлері де кеңінен таралып жатыр.
"Жыл басынан бері ішкі істер органдары адам саудасына байланысты 72 қылмысты анықтады. Көмек көрсету үшін адам саудасының 15 құрбаны әлеуметтік қызметтерге жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар адам саудасын анықтау тетіктерін жетілдіру және халықтың хабардарлық деңгейін арттыруды қоса алғанда, алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.