Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелге сот үкім шығарды: бірақ жазасын кейін өтейді
Жүргізуші куәлігі жоқ әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді.
Көкшетауда көлікпен жаяу жүргіншіні басып кеткен әйел 2,5 жылға сотталды. Оның жүргізуші куәлігі болмаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әйелдің екі кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты сот оның жазасын өтеуді үш жылға кейінге шегерді.
Сот әйелдің бұрын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, жасаған ісіне өкінгенін және моральдық шығынды өтегенін ескерді.