Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“+42 градусқа дейін ыстық”: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

“+42 градусқа дейін ыстық”: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: fandom.com
Синоптиктер 25,26, 27 маусымға ауа райы болжамын жасады.

"Қазгидромет" синоптиктері 25, 26 және 27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері жаңбыр күтіледі, бұршақ жауып, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауыл болуы мүмкін.

Қатты жауын-шашын 25 маусымда - елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде; 25–26 маусымда - Қазақстанның шығысында; 26–27 маусымда - республиканың батысында және солтүстік-батысында күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарда аптап сақталады. Ауа температурасы 33–38 градус болады, ал кей жерлерде 40–42 градусқа дейін қатты аптап күтіледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар