Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өліміне не себеп болғанын айтты
Ербаян Мұхтардың өмірі үшін дәрігерлер үш жыл күрескен.
Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ұланның әскери бөлімінің бұрынғы әскери қызметкері Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, дәрігерлер марқұмның өмірі үшін үш жылға жуық күрескен, алайда мидағы қайтымсыз өзгерістер салдарынан алған жарақаттары өмірмен үйлеспейтін болып шықты.
"Пациенттің жағдайы критикалық деңгейде қалды. Медицина мамандары барлық қажетті реанимациялық және емдеу шараларын жүргізді. Биылғы маусымда негізгі ауыр ауру фонында инфекциялық асқынулар, сепсис және көп мүшелі жетіспеушілік синдромы дамыды", - деп мәлімдеді министрліктегілер.
2026 жылғы 23 маусымда сағат 21:40-та Ербаян Мұхтар көз жұмды.
"Өлімге бас-ми жарақатының ауыр салдары мен соның салдарынан пайда болған асқынулар әсерінен дамыған көп ағзаның жеткіліксіздігі себеп болды", – деп хабарлады ведомство.
Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, ол заманауи дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, оған айрықша күтім жағдайлары жасалған.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен бірлесіп, Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтатынын жеткізді.