Қоғам

Қазақстанда 25 маусымнан бастап ескі 2000 теңгелік купюралар қабылданбайды

Ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкнот бүгіннен бастап жарамайды.

Қазақстанда ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар 25 маусымнан бастап айналымнан шығады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2012 жылы шығарылған ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың айналымда жүру мерзімі 2026 жылғы 24 маусымда аяқталады.

Егер 25 маусымға дейін банк шотына салып үлгермесе, ескі банкноталарды жаңасына:

  • Банктер мен "Қазпошта" бөлімшелерінде – 3 жыл ішінде;
  • Ұлттық банк филиалдарында – мерзімсіз айырбастауға болады.

  • Бастапқыда 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкноталар да маусым айының соңында айналымнан шығарылуы тиіс еді. Алайда Ұлттық банк бұл мерзімді 2027 жылдың шілдесіне дейін ұзартты. Сондықтан ескі үлгідегі 10 000 теңгелік купюралар әзірге қолданыста қала береді.