Елімізде 1 шілдеден бастап электр энергиясының бағасы көтерілмек
Томирис Тоныкөк
Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтерді қайта қарау туралы бұйрық жобасын әзірледі.
Қазақстанда электр энергиясының тарифі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тағы қымбаттауы мүмкін., деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Энергетика министрлігі әзірлеген энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтерді қайта қарау туралы бұйрық жобасынашық НҚА порталында жарияланды. Ұсынылып отырған өзгерістер елдегі ірі энергетикалық сектордың басым бөлігіне әсер етеді.
Қолданыстағы тарифтерді өзгертуге оны қайта қарауға өтінім берген 60 энергия өндіруші компаниялардың өтінімдері негіз болған.
Сонымен бірге тарифтердің өсуі барлық компанияларда бірдей болмайды. Кейбір электр станцияларында баға бірнеше пайызға ғана өссе, енді бірінде екі еседен астам қымбаттауы мүмкін.
“Тарифтерді қайта қарау тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және ескірген энергетикалық нысандарды жаңғыртуды жеделдетуге мүмкіндік береді”, – деп мәлімдеді ведомство.
Бұл жоба қоғамдық талқылау кезеңінде тұр. Егер құжат бекітілсе, электр энергиясының жаңа тарифтері 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі мүмкін.