Қоғам

Шілде айында Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болады?

Қазақстанның тоғыз өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін.

"Қазгидромет" шілде айында  Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алдағы айда еліміздің тоғыз өңірінде құрғақшылық күтіледі.

Метеорологтардың мәліметінше, шілдеде жауын-шашын көбінесе жергілікті және қысқа мерзімді болады.

Алдын ала болжамға сәйкес, 2026 жылғы шілдеде мына өңірлерде бірқалыпты құрғақшылық күтіледі:

  • Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;
  • Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Куршим, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында және Шемонаиха мен Өскемен қаласы маңайларында;
  • Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы және Жаңасемей аудандарында;
  • Алматы облысының Балхаш және Жамбыл аудандарында;
  • Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;
  • Жамбыл облысының Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
  • Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Бірқалыпты ылғалдылық болжанады:

  • Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Мартук, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.

Қазақстанның қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтіліп отыр.

Синоптиктер алдын ала болжам қажет болған жағдайда нақтыланатынын атап өтті.