Ғаділбек Жанай әнінің сөзін ұмытып ұятқа қалды (видео)
«Әннің сөзін ұмытып қалған кезде, осындай сөздер шығып кетеді».
Күні кеше әнші әлеуметтік желідегі парақшасына тойбастар таратып тұрған видеосын салып, жұртты күлкіге қарық қылған еді. Бұл жолы әнші әннінің сөзін ұмытып қалған кезде не істейтінін айтып берді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Әннің сөзін ұмытып қалған кезде, осындай сөздер шығып кетеді. Бақыт Ықыласов, құсың құтты, берекелі болсыншы. Тезірек бақытты болыңызшы», - деп жазды ол өзі бөліскен видеоның тұсына. Видеода әнші тойда ән айтып тұрып, сөзін ұмытып қалады. Кейін ситуациядан сытылып шығу үшін әннің сөздерін өзгертіп орындайды. Мұны түсінген жұрт күліп жібереді.
Желі қолданушылары әншінің соңғы кезде көтеріңкі көңіл-күймен жүретінін байқағандарын жазып жатыр. «Не деген күлкі деп қоямын», «Құрдас, саған жарасады», «Осыны қазақша айтып берсеңіз», «Әй, бауырым, қатырдың. Аман жүрші тек», «Сізге бәрі жарасады» деп жазды олар. Автор: Kyn.kz