Қоғам

"Қолын бұрап, ауыртқан": АҚШ-тағы қазақ отбасының сәбиін бала күтушісі бірнеше ай бойы қорлап келген

Бала күтішу баланы 6 ай бойы қорлап келген.

АҚШ-та тұратын қазақстандық әйелдің бір жасар қызын бала күтушісі ұрып-соққан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы ол Threads әлеуметтік желісінде жазды.

Автор бала күтушісі – қазақ әйел екенін және ол сәбиін 6 ай бойы қарағанын айтады. Осы уақыт аралығында күтуші баланы қинап келген. Алғашында ештеңеден күдіктене қоймаған ата-ана кейін камерадағы жазбаларды көргенде сұмдық көрініске тап болған.

«Бізде ол 6 ай жұмыс істеді. Бейнежазбадан 1 жасар қызымызға жасалған адам шошырлық әрекеттерге куә болдық. Баланың қолын бұрап, ауыртқаны анық көрінеді. Сондай-ақ, қызымыздың шекесінде жарақат іздері болды. Сұрағанымызда, қабырғаға соғып алғанын айтты. Бірақ біз оған сенбейміз. Қазір барлық бейнежазбаны сақтап қойдық, қызымды дәрігер мұқият тексерді», - дейді зардап шеккен бүлдіршіннің анасы.

Қазіргі уақытта бүлдіршінді білікті дәрігер тексеріп, дене жарақаттарын ресми түрде тіркеген. Бүлдіршіннің анасы өзгелерді сақ болуға шақырды.

«Өтінемін, бала күтушісін таңдағанда барынша сақ болыңыздаршы. Бейтаныс адамға өз балаңызды сеніп тапсырмас бұрын, ол туралы ақпаратты, ұсыныс хаттарын мұқият тексеріңіздер», - деді баланың анасы.