Ербаян Мұхтардың ісі: қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты тергеу жан-жақты тергеліп жатыр.
Қорғаныс министрінің орынбасары әскерде жұмбақ жағдайда жарақат алып, қаза болған Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты тергеудің барысы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сенат кулуарында қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты тергеу жан-жақты тергеліп жатқанын айтты.
"Оқиға жан-жақты тексеріліп жатыр, аталған факт бойынша тергеуді “Ұлттық ұлан” жүргізіп жатыр. Қорғаныс министрлігі өз өкілеті аясында тиісті көмек беріп жатыр. Қайғылы оқиға болып, біреу қаза болғаннан кейін жұмыс басталады деген жаңсақ пікір бар. Олай емес. Жұмыс үнемі жүріп жатыр", – деді Жазықбаев.
Еске салсақ, әскери бөлімде ауыр жарақаттанып, төсек тартып жатып қалған сарбаз Ербаян Мұхтар 23 маусымда көз жұмls. Жас жігіт Алматыдағы Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүрген кезде әжетханада жұмбақ жағдайда басы жарылып, комаға түскен.