Елімізде оқушыларға 7-сыныпқа дейін сабақта телефон қолдануға тыйым салынбақ
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде телефон қолдануға қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатқанын мәлім етті.
Қазақстанда енді бастауыш және орта сынып оқушылары сабақ алдында телефондарын өткізуге міндеттеледі. Мектептерде телефон қолдануға қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова сөзінше, ведомство қазір тиісті ережені әзірлеп жатыр.
«Телефондарға қатысты – қазір біз тиісті ережені дайындап жатырмыз. Менің ойымша, жоғары сыныптарда бұл қажет болады, өйткені бізде көптеген пәндер онлайн платформалар арқылы өтеді, сондай-ақ ҰБТ мен SAT-қа дайындық жүріп жатыр. Бұл мәселелерді біз әлі де мұғалімдермен талқылаймыз. 7-сыныпқа дейін сабақ кезінде телефонды тапсыру қажет болады», – деді Сүлейменова.