"Еліміздің 35 жылдық тарихында болған емес": Тоқаев Қазақстан үшін жаңа кезең басталатынын мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:44
- 46
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 шілдеден бастап Конституцияның жаңа кезеңі басталатынын айтып, бұл Қазақстан дамуының жаңа дәуіріне жол ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының мәліметінше, жаңа Конституция елдегі барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз болған.
"Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады. Мұндай күрделі өзгерістер еліміздің 35 жылдық тарихында да, одан бұрын да болған емес. Яғни Қазақстан сапалы ғылым негізінде өркендеу мен технологиялық өрлеу жолына түсті. Дегенмен қоғам бір мақсатқа жұмылып, ынтымақ-бірлік танытпаса, кез келген, тіпті мұқият сараланған мемлекеттік жоспардың өзі қағаз жүзінде қалады. Туған жерге – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ұмтылатын білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді”, – делінген хабарламада.



