Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 18:30
- 136
Алматы тұрғыны LOTO 6/49 лотереясынан көлік ұтып алды. Екі баласын қарап, декреттік демалыста отырған ананың қуанышында шек жоқ.
«Менің есімім - Рима. Сәтті Жұлдыз» лотереясына қатысуды жай бір қызық көретінмін. Үлкен, бағалы сыйлықтарды ұтамын деп сенген жоқпын негізінен. Маған ұтысым жайлы өздері хабарласып айтты. Алғашында сенбедім. Ешкімге айтпастан «Сәтті Жұлдыз» кеңсесіне келіп көз жеткізуге тырыстым. Енді көзім жетті, сендім, барлық жақындарыммен қуанышымды бөлісуге асығып тұрмын» ,-дейді декреттік демалыстағы ана.
Рима бұған дейін өзіне көлік алуды армандап жүрген екен. Тілегені алдынан шыға келгендей.
«Ия, мен көлік алуды жоспарлап жүрген болатынмын. «Сәтті Жұлдыздан» ұтқан көлікті емес, өз таңдауым бар. Сол себепті ұтысты қаржылай алуды жөн көріп отырмын. Сол ақшаны алып, өзіме ұнап жүрген көлікті сатып алмақпын»,-дейді әйел.
Қомақты ұтыс иесі «Сәтті Жұлдыз», қазақстандық ұтысы мол лотерея жайлы әлеуметтік желіден көрген екен.
«Әлеуметтік желіден осы лотереяның жарнамасын көрдім. Қомақты қаржы, пәтер ұтып жатқандарға қызықтым десем де болады. Содан «Сәтті Жұлдыздың» сайтына кіріп, қандай науқандар болып жатқанын қарадым. Көңілім тартқан билетті сатып алдым. Міне жолым болып, көлік ұтып алдым»,-дейді дән риза болған екі баланың анасы.
Сіз де бағыңызды сынап көргіңіз келсе, 28 маусымда «31 арна» тікелей эфирінде, сағат 10:00-де өтетін пәтер ұтысына қатысыңыз. Пәтер құны 20 млн теңге. Арнайы ұтыс TeleBingo тиражды лотереясы аясында өтеді. Оған қатысу үшін 3 500 теңгелік ЛотоЖинақ алсаңыз жеткілікті. https://sz.kz/game?gameid=1082&ispack=true



