Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденін алды
Бибісара Асаубаеваға II дәрежелі «Барыс» ордені табысталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қуанышты сәтін Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде көрсетті.
«Көптен күткен II дәрежелі "Барыс" орденін алдым. Менде III дәрежелі орден де бар, енді I дәрежесі ғана қалды. Сонда осы орденнің толық иегері атанамын. Қараңыздаршы, қандай әдемі! "Барыс" орденінің түсі де ерекше», – деді шахматшы видеода.
Еске салайық, 2025 жылғы 30 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев блиц шахматтан әлем чемпионатындағы жеңісі үшін Бибісара Асаубаеваны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Ал 2024 жылдың қазан айында Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы шахматшыны III дәрежелі «Барыс» орденімен де марапаттаған еді.