“Жүкті болып тұрмысқа шыққан”: Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі өзіне қатысты айтылған сөздерге жауап берді
Екінші рет үйленген Жігер Ауыпбаев сынға қалды.
Танымал әнші, “Меломен” тобының экс-солисі Жігер Ауыпбаев екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісі Муминаға ұсыныс жасаған сәттің видеосын жүктеді.
Артынша TikTok желісінде Муминаның ұзату тойынан үзінділер тарады. Желі қолданушылары әншінің сүйіктісі аяғы ауыр болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Бұл сыни пікірлерден соң жары Мумина Адахамова жауап ретінде жазба жариялады.