Нөсерлетіп, бұршақ жауады: алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады.
"Қазгидромет синоптиктері 2, 3 және 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елімізде нөсер жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде күн райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетіп, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болады деп болжануда.
Ал батыс пен оңтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +31...+38 градусқа дейін көтеріледі.
Елдің солтүстік-батысында термометр бағандары +27...+35 градусты көрсетеді.
Қазақстанның шығысында да ыстық ауа райы сақталып, ауа температурасы +30...+37 градусқа дейін жылынады.
Солтүстік және орталық облыстарда температура +18...+28 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.
Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25-тен +35 градусқа дейін күн ысиды.