1 шілдеден бастап әрбір жалға берілетін электрсамокатқа жеке тіркеу нөмірі беріледі
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:48
- 46
Қазақстанда 1 шілдеден бастап жалға берілетін электрсамокаттарды тіркеу нөмірі беріледі. Ал пайдаланушылар үшін сақтандыру полисі міндеттеледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әрбір жалға берілетін электрсамокатқа жеке тіркеу нөмірі беріліп, жол ережесін бұзған самокаттар бейнекамералар арқылы анықталады. Сондай-ақ, самокатты жалға алатын әрбір пайдаланушы үшін сақтандыру полисі міндетті болады.
Егер пайдаланушының жүргізуші куәлігі болмаса, оған жолдың жүріс бөлігімен жүруге рұқсат етілмейді. Электрсамокаттар алдымен велосипед жолымен немесе велосипед жолағымен қозғалуға тиіс. Ондай жол болмаған жағдайда ғана жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге болады. Ал тротуарда қозғалу жылдамдығы сағатына 6 шақырымнан аспауы керек.
Сондай-ақ 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне толық тыйым салынады. Бұдан бөлек, электрсамокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға, жаяу жүргіншілер өткелінен самокаттан түспей өтуге және қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтерсіз жолға шығуға болмайды.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды жаңа талаптарды сақтап, жол қозғалысы қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда такси жүргузішісі туристерді алдап, 150 доллар жолақы алған
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2026




