Саясат

Тоқаев "Қазақстан Халық Кеңесіне" Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға қатысатын, түрлі әлеуметтік топтардың пікірін біріктіретін консультативтік-кеңесші орган. Жарлықта кеңестің қызметін жетілдіруге және жұмысын реттеуге бағытталған өзгерістер қарастырылған.