Астанада LRT рельсінен өрт шықты (ВИДЕО)
LRT жолында өрт шықты.
Астанада Сығанақ көшесіндегі Astana LRT жолында өрт шықты. Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ТЖД мәліметінше, электрмен жабдықтау желісі тоқтан ажыратылғаннан кейін өрт сөндірушілер Vario Carbon автономды арқаға асатын өрт сөндіргішінің көмегімен жалынды сөндіруге кіріскен.
Өрт аумағы 1 метрді құрады.
Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді.