Қоғам

ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

47 жастағы шетел азаматы - Баран Абдулкадир іздестіріліп жатыр.

Қазақстанда түрік азаматына іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменттерінің порталында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жарияланған деректерге сүйенсек, 47 жастағы шетел азаматы - Баран Абдулкадир іздестіріліп жатыр. Іздеу туралы іс 2026 жылғы 1 шілдеде тіркелген.

Іздеудің бастамашысы ретінде Қазақстан Ішкі істер министрлігі көрсетілген.

Ішкі істер министрлігінің Tengrinews.kz тілшісіне хабарлауынша, күдікті Түркия азаматы. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деп күдіктелген.

Іске қатысты басқа да мән-жайлары, күдіктінің қайда екені әзірге жарияланған жоқ.