Мәдениет

«Қыздарымен де араласпайды»: Мұрақ Қожаның бұрынғы әйелі қазіргі өмірі туралы айтты

Мұрат Қожаның бұрнығы әйелі сұхбат берді.

Белгілі продюсер, кинотанушы Айман Нұразхан әнші Мұрат Қожаның қыздарымен араласпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы ол “Kezdesu” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Ажырасқанымызға 12 жылдан асты. Өкінішке қарай, біз қазір араласпаймыз. Арасында концерттік бағдарламаларда көрген кезде амандасамыз. Қыздарымен де араласпайды”, – деді Айман Нұразхан.

Бірақ ол бұрынғы қайын жұртымен байланысын үзбеген. Жақында үш қызын ертіп, Ақтау қаласына барғанда марқұм енесінің басына барып, құран бағыштаған.