Қоғам

Енді кім көрінген психолог болып елді емдей алмайды: Тоқаев құжатқа қол қойды

Заңға сәйкес арнайы жоғары білімі жоқ және мемлекеттік бірыңғай реестрге тіркелмеген адам өзін "психолог" деп атай алмайды.

Мемлекет басшысы "Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Психологиялық қызмет алғаш рет заңмен реттеледі:

Жаңа заңның басты ерекшелігі – психолог мамандығына қойылатын талаптарды нақты белгілеуі. Жаңа заңға сәйкес:

Енді арнайы жоғары білімі жоқ және мемлекеттік бірыңғай реестрге тіркелмеген адам өзін "психолог" деп атай алмайды;

️"Психо-коуч", "психо-кеңесші" атауларын қолдануға да шектеу қойылады;

️Енді кәсіби білімі жоқ адамдардың "психолог" сөзін жарнамалық мақсатта пайдалануына тыйым салынады;

️Жаңа заң бойынша психологқа айтылған мәліметтер клиенттің жазбаша келісімінсіз жарияланбайды;

️Сондай-ақ қабылдау кезінде адамның рұқсатынсыз бейне немесе аудио жазба жасауға тыйым салынады.

Құжат біліктілігі жоқ жалған мамандарға тосқауыл қойып, азаматтардың сапалы әрі қауіпсіз қызмет алуын қамтамасыз етеді.