Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Президент Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады

Президент Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады, - деп хабарлайды KYN.KZ  "Ақордаға" сілтеме жасап.

Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар