Президент Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады, - деп хабарлайды KYN.KZ "Ақордаға" сілтеме жасап.
Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.