Спорт

2026 жылғы әлем чемпионаты: 1/8 финалдың барлық жұбы белгілі болды

Плей-оффтың келесі кезеңіндегі матчтар 4–8 шілде аралығында өтеді, ал чемпионаттың финалы 19 шілдеге жоспарланған.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы барлық ойындар аяқталып, 1/8 финалға шыққан командалардың толық тізімі белгілі болды.

АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем біріншілігінің келесі кезеңінде командалар мына кесте бойынша кездеседі (уақыты – Астана уақытымен):

4 шілде

21:00 – Канада – Марокко.

5 шілде

01:00 – Парагвай – Франция.

6 шілде

00:00 – Бразилия – Норвегия;

04:00 – Мексика – Англия;

23:00 – Португалия – Испания.

7 шілде

04:00 – АҚШ – Бельгия;

20:00 – Аргентина – Мысыр.

8 шілде

00:00 – Швейцария – Колумбия.

2026 жылғы әлем чемпионаты турнир тарихында алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысып жатқан дода ретінде өтіп жатыр.

Әлем чемпионатының финалдық кездесуі 19 шілдеде өтеді.