ЮНЕСКО Қазақстанды Домбыра күнімен құттықтады
Домбырада күй тарту өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне кіреді.
ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Домбырада күй тарту өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне кіреді.
"Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды өз тарихымен, бірегейлігімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстандағы домбыраға деген ерекше көзқарасты жоғары бағалайды және осы баға жетпес мұраны сақтау мен ұрпақтан-ұрпаққа беруге бағытталған күш-жігерді құптайды"– деді ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет мәселелері жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файез.
Айта кетері, екі жыл бұрын ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығына арналған мерейтойлық мәдени шара ұйымдастырылған болатын.