Басты жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері 41 градусқа дейін ыстық болады

Еліміздің кейбір өңірлерінде 41 градусқа дейін ыстық болады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктер 7 және 9 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еліміздің кейбір өңірлерінде қатты ыстық болады.

Алдағы үш күнде Қазақстанның батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, 7-8 шілдеде солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

7 шілдеде орталықта және шығыста, 8 шілдеде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, 9 шілдеде батыста қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді.

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: еліміздің солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы 35-39°С-қа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда 41°С-қа дейін жететін қатты ыстық күтіледі. Солтүстік өңірлерде 35-38°С-қа дейінгі қатты ыстық болжанады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.