Басты жаңалықтар
Қарағанды облысында қаруланған радикалды діни топ ұсталды
- автор kyn.kz
- 19 шілде, 2018
- 217
Сәтбаев қаласында радикалды діни топтың 3 мүшесі ұсталып, аталған тұлғаларға сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр
Қарағанды облысында радикалды діни топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында радикалды діни топтың іс-әрекетінің жолын кесті. Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды. Аталған тұлғаларға лаңкестік топ құрды және оның әрекеттеріне қатысты, сондай-ақ терроризмді насихаттады деген күдік келтірілуде», - делінген таратылған хабарламада.
Мәлім етілгендей, аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.