Қазақстан аумағына кіретін көліктерге шектеу қойылды
Елімізге көліктердің кіруіне шектеу қойылды.
Үкіметте өткен брифингте энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Қазақстанда жанар-жағармай өнімдерін шекара арқылы заңсыз шығарудың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің айтуынша, қолданыстағы шаралардың бірі - шекаралас мемлекеттерден келетін көліктердің кіруіне шектеу қою.
"Қазіргі уақытта шекаралас мемлекеттердің жүк және жеңіл көліктері Қазақстан аумағына тәулігіне бір реттен артық кіре алмайтын тәртіп орнатылған. Қазір негізгі жұмыс жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау үшін қосымша отын бактары орнатылған көліктерді анықтауға бағытталған. Бұл іспен Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп айналысып жатыр", - деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Оның айтуынша, шекаралас аймақтарда отынды заңсыз шығармақ болған құқық бұзушылар жиіленіп кеткен.