Саясат

Тоқаев президент сайлауына қайта түсе алады - Конституциялық сот

Тоқаев президент сайлауына түсуге құқылы – Конституциялық сот.

Қазақстанның Конституциялық соты жаңа Конституцияның ережелеріне ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Президенттің 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағының, 72-бабы 2 және 3-тармақтарының, 83-бабы 1-тармағының және 84-бабы 3-тармағының ережелерін ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Соттың мәліметінше, 1995 жылғы Конституцияға сәйкес аталған конституциялық нормаларда көрсетілген лауазымдарды атқарып отырған адамдар яғни президент 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға қайта сайлана немесе тағайындала алады.

Конституциялық сот конституциялық нормалардың мазмұнына сәйкес ондағы шектеулер тек қолданыстағы Конституцияда және соған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен адамның осы лауазымға бұрын сайланғаны немесе тағайындалғанына ғана қатысты екенін атап өтті.

Демек, адамның аталған лауазымдардың бірін Қазақстан Республикасы Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгеннен кейін оны тиісті қызметке сайлауға не лауазымға тағайындауға Негізгі Заңда көзделген конституциялық-құқықтық кедергі болып табылмайды.

Аталған конституциялық нормаларда белгіленген шектеулерді қолдану мақсаты тұрғысынан мұндай адамдардың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы алғаш рет сайлану не тағайындалу деп есептеледі.