"Еті майлы болады екен": кірпіден сорпа әзірлеп ішкен "Жігіттер" квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек көпшіліктің ашуын туғызды
Айдар Тұрғамбек камера алдында кірпіден жасалған сорпа ішті.
“Жігіттер” квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек кірпінің сорпасын ішемін деп, сынға қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол камерада кірпі етінен әзірленген сорпаны ішеді.
”Бүгін Алла шипа берсін деп кірпінің сорпасын ішейін деп отырмыз. Кірпінің еті асқазанға шипа дейді. Кірпінің еті майлы болады екен. Бірінші рет ішейін деп отырмын, хабарын айтармын”, – дейді әнші видеода.
Желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырды. Бірі өнер иесінің әрекетін орынсыз деп атап, оны жауапкершілікке тартуды талап етсе, енді бірі асығыс қорытынды жасамауға шақырды.
Кейбіреулер жабайы кірпінің еті денсаулыққа зиян екенін жазуда.