«Иә, біз салық төлемедік»: Orda.kz есепшісі сотта бухгалтериядағы заңсыздықтар туралы айтты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 21:51
- 1
Оның айтуынша, Гүлнар Бажкенованың ай сайынғы табысы 3 миллион теңгені құраған. Соның 1,8 миллион теңгесі ресми түрде банк шотына аударылып, салық төленген. Ал қалған 1,2 миллион теңгені Бажкенова, бухгалтердің сөзінше, қолма-қол алған.
Сот барысында судья Елена Кван куәгерден «қос бухгалтерия» туралы егжей-тегжейлі сұрады. Ботагарованың айтуынша, ол компанияға келген кезде мұндай жүйе бұрыннан қалыптасқан. Төлемдердің бір бөлігі ресми түрде банк арқылы жүргізіліп, салық аударымдары жасалған, ал қаламақы бөлігі қолма-қол берілген.
Судья қаламақының неге қызметкерлердің шотына аударылмағанын сұрады.
«Егер оны шоттарға аударсақ, бізде ақша жетпей қалар еді. Жалақы қоры тым үлкен болып кететін, оны жарнамадан түскен табыспен жаба алмас едік», – деп түсіндірді бухгалтер.
Осыдан кейін судья мұндай жүйе салықтан жалтару болып саналатынын нақтылады. Бұған бухгалтер басылымның салық төлемегенін ашық айтқан.
Сонымен қатар Ботагарова мұндай жүйе редакцияға өзі келгенге дейін болғанын атап өтті. Оның сөзінше, ол Гүлнар Бажкеноваға бұл тәжірибенің дұрыс емес екенін айтқан, алайда төлем тәртібі өзгермеген.


