Аргентина Мысырды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Аргентина құрамасы Египетті 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Аргентина құрамасы Египетті 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Ойын аяқталуына 11 минут қалғанда 2:0 есебімен ұтылып жатқан аргентиналықтар нағыз мінез көрсетті. Кристиан Ромеро есеп айырмасын қысқартса, араға төрт минут салып Лионель Месси таразы басын теңестірді. Лионель Скалони шәкірттері керемет камбэк жасап, матч соңында жеңісті жұлып алды. Осылайша жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды, деп жазды KYN.KZ тілшісі sputnik басылымына сілтеме жасап.
Матч аяқталған соң эмоциясын жасыра алмаған Месси көз жасына ерік берді. Ол Мысыр құрамасына қарсы өткен маңызды кездесуде 9-шы нәтижелі пасын беріп, Әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік нәтижелі ассистент атанды.
Аргентина – қазіргі әлем чемпионы. Құрама өз тарихында үш рет: 1978, 1986 және 2022 жылдары әлем чемпионы атанды.
Енді ширек финалда Аргентина құрамасы Швейцариямен кездеседі. Әлем чемпионаты 19 шілдеде аяқталады.