"Оларда не шаруам бар?": Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі оның балаларының тойына неге қатыспағанын айтты
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі күйеуінің не себепті балаларының тойына бармағанын айтты.
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талғатқызынан желі қолданушылары өнер иесін балаларының қуанышына орай ұйымдастырылған тойға неге қатыспағаны туралы сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Мөлдір Мұқанның балаларына ұйымдастырған тойында Тұрсынбек Қабатовтың келмегенін дұрыс емес санап, бұған жары Айман Талғатқызын кінәлаған.
Оқырмандардың бірі Айман Талғатқызынан Тұрсынбекті тойға не себепті келмегенін сұрап жазған.
“Тойға неге жібермедіңіз? Тұрсынбектей тұлға әйелдің айтқанын тыңдап, тойға бармай қалғаны не сасқаны екен?” – деп жазған қолданушы.
Бұған ол жауап қайтарып, күйеуі қайда бару немесе бармау керек екенін өзі шешетінін айтты.
“Осы бір жерде мен тойға жібермедім деп айтып жатыр ма? Менің оларда не шаруам бар? “Барсам бола ма?” деп сұрап тұрған еркек те жоқ. Кішкене миға қонымды әңгіме айтсаңдаршы”, – деп жауап берді ол.